Моңғолия ЕАЭО еркін сауда аймағын құруға дайын екендігін білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян Моңғолия Премьер-Министрі Жаргалтулгын Эрдэнэбатпен кездесті, деп хабарлайды ЕЭК баспасөз қызметі.

Моңғолия ЕАЭО еркін сауда аймағын құруға дайын екендігін білдірді

Тараптар елдер арасындағы ынтымақтастық нәтижелерін оң бағалады. «Біздің қатынастарымыз өте қарқынды дамуда. ЕЭК өкілдері мен Моңғолияның тиімді өзара іс-қимылы біз және біздің бизнес үшін маңызды көптеген түйінді мәселелерді шешті, - деп атап өтті Тигран Саркисян.

Өз кезегінде Моңғолия Премьер-Министрі қысқа уақыт аралығында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы меморандум жасасудан бастап нақты бастамаларды талқылауға дейінгі жолдардан табысты өткендігін және ол өзара сауда-саттықтың өсуіне және кедергілерді жоюға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.