13:36, 14 Қаңтар 2010 | GMT +5
Моңғолия Президенті өлім жазасына мораторий жариялады
АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Моңғолия Президенті өлім жазасына мораторий жариялады.

Ел парламентінде сөз сөйлеген Цахиагийн Элбэгдорж, өлім жазасын 30 жылға түрмеге қамаумен алмастыруды ұсынды.
Құқық қорғаушы Amnesty International ұйымы ел заңнамасын өзгерту туралы моңғол президентінің ұсынысын қолдап, бұл шараның өлім жазасынан бас тартуға жасалған қадам екенін атап көрсетті.