Моңғолияда 2050 жылға қарай әр бесінші адам зейнет жасына жетеді
АСТАНА. KAZINFORM — Моңғолия халқы құрылымында айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Қазір еңбекке қабілетті жастағы халық саны артып келеді, деп хабарлайды Монцамэ.

Моңғолияның Отбасы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі БҰҰ-ның Халық қоныстануы жөніндегі қорымен (ЮНФПА) бірлесіп «Теңдікті нығайту және тең құқықты қатысу: Моңғолиядағы ұрпақаралық және гендерлік экономикалық сын-қатерлер» тақырыбында пікірталас ұйымдастырды.
Пікірталас барысында Моңғолия халқы құрылымында айтарлықтай өзгерістер болып жатқаны атап өтілді. Елде еңбекке қабілетті жастағы халық саны артып келеді. Өз кезегінде бұл — демографиялық дивидендтерді тиімді пайдалану үшін қолайлы мүмкіндік. Мұндай демографиялық терезелер деп аталатын кезеңдерде еңбекке қабілетті тұрғындардың үлесі жоғары болады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, бұл мүмкіндік ұзаққа созылмайды: 2050 жылға қарай әр бесінші тұрғын қартайған немесе зейнет жасына жеткен адам болмақ.
Халық құрылымының өзгеруіне байланысты ұлттық трансферттік шот жүйесі қолданылады. Ұлттық трансферттік шоттар (ҰТШ) — ұрпақтар арасындағы экономикалық ағындарды өлшеу мен талдауға, сондай-ақ бұл ағындардың ел экономикасына әсерін бағалауға арналған құрал.
Таиланд Корольдігі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін оңтайландыруға ерекше назар аударып отыр, ал филиппиндер халықтың қартаюымен күрес стратегиясын жетілдіруде ұлттық трансферттік шот жүйесін пайдаланады.
Бұған дейін Моңғолияның Ұлы мемлекеттік хуралының (парламент) пленарлық отырысында жаңа үкімет мүшелері ант қабылдағаны хабарланды.