Моңғолияда халықаралық Power Expo & Festival 2026 фестивалі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Power Expo & Festival 2026 халықаралық фестивалінің 14-маусымы Ұланбатыр қаласында өтеді, деп хабарлайды Монцамэ.

Моңғолияда халықаралық Power Expo & Festival 2026 фестивалі өтеді
Фото: Монцамэ

Моңғолия үкіметі 2023–2028 жылдарды «Моңғолияға саяхат ету жылдары» деп жариялап, елді халықаралық деңгейде таныту мақсатында туризм, мәдениет және спорт салаларында түрлі іс-шараларды жүзеге асырып келеді.

Осы аяда экстремалды спорт түрлеріне арналған 14-ші халықаралық Power Expo & Festival 2026 фестивалі 8–10 мамыр аралығында Ұланбатыр қаласының батыс бөлігінде орналасқан Power Land автосауда кешенінде ұйымдастырылады.

Аталған фестиваль 2026 жылдың қаңтарында Бангкок қаласында өткен Asian Motor Awards марапаттау рәсімінде Моңғолияға алғаш рет «Азиядағы автоспорт саласындағы үздік шара» сыйлығын алып берген болатын.

14-ші Power Expo & Festival фестиваліне 10 елдің командалары мен спортшылары қатысады. Сонымен қатар, биылғы бағдарлама кеңейтіліп, «Racing TOP Model Asia» халықаралық жарыс модельдері байқауы өтеді. Байқау аясында 3–5 шетелдік елден келген кәсіби модельдер моңғолиялық қатысушылармен бір сахнада бақ сынайды.

Фестиваль бағдарламасында халықаралық дрифт-шоу, автокөлік шеруі, аралас баттлдар, автокөлік көрме-жәрмеңкесі, автобус жүргізу жарыстары және экстремалды қойылымдарды қоса алғанда, 16 түрлі жарыс пен шоу ұйымдастыру жоспарланған.

Бұдан бұрын Моңғолия үкіметі экономикалық форумды өткізуді кейінге қалдырғанын жаздық.