Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Моңғолияда мал басы 78 миллионға жетті

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың соңындағы мал санағының қорытындысы бойынша елде 58,09 миллион бас мал тіркелген, деп хабарлайды Монцамэ.

Моңғолияда мал басы 78 миллионға жетті
Фото: montsame

Өңірлер бойынша алғанда, ең көп мал басы Батыс өңірінің бес аймағында – 13,7 миллион және Хангай өңірінде – 13,6 миллион басты құрайды. Ал ең төменгі көрсеткіш Орталық өңір аймақтарында тіркеліп, мұнда 5,5 миллион бас мал есепке алынған.

Орталық, Батыс және Хангай өңірлерінің бірқатар аумақтарында малдың қыстан шығуы мен көктемгі төл алу науқаны күрделі жағдайда өтті. Соған байланысты Сүхбаатар, Дархан-Уул, Төв және Өвөрхангай аймақтарының кейбір сұмындарында ахуал қиындады. Сондай-ақ Баян-Өлгий, Увс және Завхан аймақтарының жекелеген сұмындарында да жағдай күрделі болып отыр. Ал Дорнод аймағында кенеттен қауіпті табиғи құбылыс тіркелді.

Биыл ел көлемінде 17 миллион бас мал төлдеп, нәтижесінде 16,8 миллион төл алынды. Алдын ала есеп бойынша, елдегі мал басының жалпы саны 78 миллионға жеткен.

Айта кетелік Моңғолия алғаш рет Дүниежүзілік жылқы күнін атап өткен еді