Шахматтан Азия чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғап жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — 29 мамыр мен 6 маусым аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында шахматтан ерлер мен әйелдер арасындағы 21-ші Азия чемпионаты (21st Asian Continental Chess Championships) өтеді.
Қазақстан шахмат федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, турнир жеңімпаздары 2027 жылы өтетін Әлем кубогына қатысу жолдамасына ие болады.
Ашық біріншілікке (Open) қатысу үшін 28 елден 147 спортшы тіркелген, оның ішінде 34 гроссмейстер мен 38 халықаралық шебер болса, ал әйелдер турнирінде (Women) 17 елден 101 шахматшы бақ сынайды, олардың қатарында 10 халықаралық шебер және 11 әйелдер гроссмейстері бар.
Турнирдің рейтинг-фавориттері — қытайлық супергроссмейстер Юй Янъи (2714) және оның отандасы, 2025 жылдың Азия чемпионы, халықаралық шебер Сун Юйсинь (2462).
Ерлер арасындағы Топ-10 тізіміне Алексей Гребнев (2625, FIDE), Адитья Миттал (2619, Үндістан), Сюй Сьянюй (2611, Қытай), Арсений Нестеров (2599, FIDE), 2025 жылдың Азия чемпионы Бардия Данешвар (2596, Иран), Пранав Ананд (2596, Үндістан), Евгений Найер (2594, FIDE), Давид Паравян (2593, FIDE) және Тинь Цзинъяо (2589, Сингапур) сынды гроссмейстерлер кірді.
Әйелдер арасында Сун Юйсиньмен бірге үздік ондықта WGM Анна Шухман (2456, FIDE), IM Лю Мяойи (2435, Қытай), WGM Афруза Хамдамова (2423, Өзбекстан), IM Меруерт Камалиденова (2389, Қазақстан), IM Савита Шри Баскар (2374, Үндістан), WGM Әмина Қайырбекова (2374, Қазақстан), IM Вантика Агравал (2367, Үндістан), IM Анастасия Боднарук (2361, FIDE) және WIM Янь Тяньци (2360, Қытай) бар.
Камалиденова мен Қайырбековадан бөлек, чемпионатқа басқа да қазақстандық шахматшылар қатысып жатыр: GM Әлішер Сүлейменов (2507), FM Сұлтанбейбарыс Думанұлы (2257), FM Ерлан Тлеуханов (2208), WGM Ксения Балабаева (2355), WIM Елназ Қалиахмет (2314), WIM Зарина Нұрғалиева (2279) және WFM Мария Холявко (2202).
Турнирлер швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады. Уақыт бақылауы — классикалық: алғашқы 40 жүріске 90 минут, одан кейін партия соңына дейін 30 минут және бірінші жүрістен бастап әр қадам сайын 30 секунд қосылады.
— Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрайды (ерлер арасында — 60 000 доллар, әйелдер арасында — 40 000 доллар), оның ішінде жеңімпаздар тиісінше 15 000 және 12 000 доллар сыйақы алады, — делінген хабарламада.
Бұған дейін елордалық жасөспірім шахматтан Қазақстан чемпионы атанғанын жазған едік.