Моңғолиядан келген оралман жұмыспен қамту бағдарламасының аясында мал шаруашылығын дамытуға несие алды

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Астрахань ауылында тұратын 49 жастағы Ақанай Шәріф 1993 жылы Моңғолиядан Қазақстанға оралған болатын.
None
None

Мамандығы бойынша мал дәрігері, совхозда малшы болып жұмыс істеген. Өз ауласында мал шаруашылығын дамытумен айналысқан. 2011 жылы Жұмыспен қамту бағдарламасының екінші бағытына қатысқан. Астана қаласында «Тұран-Профи» Халықаралық кәсіби академиясында тамыздың 8-27 аралығында кәсіпкерліктің негіздері бойынша білім алды. 3000 теңге мөлшерінде жолақы, жатақханада тұру мен мемлекеттік есебіне тамақтану сияқты мемлекеттік қолдауға ие болды. Мал шаруашылығын дамыту үшін 960 мың теңге көлемінде несие алып, оған  5 ірі қара сатып алды.

Соңғы жаңалықтар