Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Моңғолиялық қазақ балуан Қазақ күресінен Азия чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Қазақ күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатында +100 келі салмақта бірінші орынға Моңғолия балуаны Серік Бердімұрат ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Моңғолиялық қазақ балуан Қазақ күресінен Азия чемпионы атанды

Аталмыш салмақта Серік Бердімұрат ақтық сайыста Тәжікстан балуаны Дадохан Курбоналиевтан басым түсті. Сонымен бірге, +100 келі салмақта қола медальды - Қазақстан балуаны Айбат Сейтен мен өзбекстандық Арнұр Сәрсенбаев ұтып алды.

Еске сала кетсек, Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Азия чемпионатында 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде. Чемпионатта Қазақстан сортшыларымен бірге Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония, Иран, Қырғызстан, Үндістаннан келген спортшылар өзара бақ сынасты.

Жалпы чемпионаттың жүлде қоры 20 мың АҚШ долларына бағалануда. Әр салмақ дәрежесі бойынша жарыс жеңімпаздарына 1 000 доллардан табысталады, ал күміс жүлдегерге 500, «қолаға» 300 доллардан беріледі. Абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша алтын медаль иегеріне 3 000 доллар, «күміске» 1 500 доллар, қола жүлде иесіне 1 000 доллар табысталады.

Фото: stan.kz