Монте-Карло мастерс турнирі: Ширек финалға шыққан Бублик әлемнің 1-ракеткасымен ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Монте-Карло мастерс турнирінің ширек финалына шықты.

а
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, чехиялық Иржи Легечканы жолдан тайдырды.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке 6:2, 7:5 есебімен аяқталды.

А.Бублик 5 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Легечка 7 эйспен көзге түсті.

Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькараспен таласады. Ол үшінші айналымда әлемнің 30-ракеткасы, аргентиналық Томас Мартин Этчеверриді ұтты — 6:1, 4:6, 6:3.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Билли Джин Кинг кубогында Қазақстан — Канада матчының жеребесі тартылғанын жазған болатынбыз.