Мотоцикл рулін мас досына бергені үшін 20 тәулікке қамалды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов аудандық №2 сотының қаулысымен көлік құралын басқаруды мас досына бергені үшін Иньшин ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабы 6-бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, 20 тәулікке қамалды.
None
None

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Иньшин «Лифан» ныспылы мотоциклінің рулін әрі мас, әрі көлік құралын басқару құқығы жоқ досына берген. Соның салдарынан мотоцикл жүргізуші рульге ие бола алмай, оқиға орнында қаза тапқан. Ал Иньшин орта дәрежелі дене жарақатын алған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар