Мойнында 325 млн теңге қарызы бар борышкерлер 147 млн теңгені казиноға құртқан

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс депутат Снежанна Имашева борышкерлерді казино мен букмекер кеңселерінде ұтыс тігуіне тоқтау болмай тұрғанын айтты.

казино
Фото: прокуратураның баспасөз қызметі

- 2024 жылы прокурорлар борышкерлердің алимент пен жалақы төлеуден, мемлекет алдындағы борыштан жалтарудың 6 210 фактісін анықтады. Айталық, 2,6 млрд теңге қарызы бар 1 761 борышкер онлайн-казино мен букмекерлік кеңселерде 5,8 млрд теңге ұтыс тіккен. 325 млн теңге қарызы бар 484 борышкер Қонаев пен Щучинск казиносында 147 млн теңге жұмсаған. 3,3 млрд теңге қарызы бар 2 536 борышкер электрондық әмияндағы 5,1 млрд теңге кірісін жасырған. 130 млн теңге қарызы бар 72 адам 4 жылжымайтын мүлік пен 84 автокөлікті әдейі иеліктен шығарған, - деді ол Үкімет сағатында.

Айтуынша, 230 миллион теңге қарызы бар 117 борышкер өз шоттарынан 2 млрд теңгені еш кедергісіз шешіп алған.

- 210 млн теңге берешегі бар 300 адам 55 миллион теңгенің бағалы затын ломбардқа тапсырған, - деді депутат.

Еске салсақ, Павлодар тұрғыны өз пәтерінде онлайн-казино ұйымдастырғаны белгілі болған еді.

 

Соңғы жаңалықтар