МӨЗ-ге мұнайды жеткізетін делдалдардың санын қысқарту қажет - депутат Ш. Өтемісов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай өнімдерінің тұтынушыларға жеткендегі бағасын төмендету үшін МӨЗ-дерге мұнай әкелетіндердің қатарын бір делдалға дейін қысқарту қажет.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі парламенттік тыңдауда баяндама жасаған депутат Шавхат Өтемісов мәлім етті.

«Мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізушілердің тең дәрежедегі қолжетімдігі мәселесі тыңғылықты зерттеуді қажет етеді. МӨЗ-дерге мұнайдың басым бөлігі «Petrosan» ЖШС, «ҚазМұнайГаз-Қайта өңдеу Маркетинг» АҚ, «Petroleum Operaiting» ЖШС, «Саутс-Ойл» ЖШС және «Litasko SА» компаниясымен жеткізіледі. Аталған тасымалдаушылармен мұнайды қайта өңдеуге жеткізу көлемі өңдеудің жалпы деңгейінде 86 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар олар мұнай өңдеу зауттарынан өнімді негізгі қабылдаушы ретінде де басым үлесті қамтып жатыр»,-деді депутат.

Оның сөзіне қарағанда, осы жеткізушілердің делдалдары мәселесі ашық емес және заңнамалық тұрғыда реттелмеген. Сондықтан да мұнайды жеткізу тізбегінде делдалдардың санын заңнамамен айқындау қажеттілік тудыруда, яғни жер қойнауын пайдаланушыдан бастап МӨЗ-ге дейін тасымалдау тізбегі реттелеуі қажет. Бұл тұрғыда ол тұтынушыға жететін мұнай өнімдерінің бағасын төмендету үшін бір ғана делдалды қалдыру ұсынысын алға тартты.

Соңғы жаңалықтар