11:18, 03 Маусым 2015 | GMT +5
Мұғалімнің орындығына шеге қаққандар бәлеге қалды - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов ауданы Чувашка ауылында екі оқушы мұғалімді «күлкі қылу» үшін орындығына шеге қаққан. Соның салдарынан мұғалім жеңіл дене жарақатын алған әрі моральдық тұрғыда зардап шеккен.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, БҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Т. деген жасөспірім ҚР ҚК 108-бабына сәйкес (қасақана жеңіл дене жарақатын салу) айыпты деп танылды, бірақ жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚР ҚК 68-бабы 1-бөлімі негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ал кәмелетке толмаған К. ҚР ҚК 108-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмыс түріндегі жаза белгіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.