Мұғалімдер ерекше балалармен жұмыс курстарына жіберіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов мұғалімдерге арнап ерекше балалармен жұмыс курстарын тұрақты негізді ұйымдастыруды тапсырды.

ерекше балалар
Фото: Астана әкімдігі

- Педагогтерде ерекше балалармен және ересектермен жұмыс істеу дағдысы толық қалыптаспаған. Мысалы, мұғалімдердің барлығы бірдей ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен қалай тиімді қарым-қатынас орнату керектігін біле қоймайды, - деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр мұны азаматтардың өтініштерін негізге алып айтып отырғанын түсіндірді.

- Оқу-ағарту министрлігі ерекше балалармен жұмыс істеу бойынша мұғалімдерге арналған оқыту курстарын тұрақты негізде өткізуі қажет, - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол Олжас Бектенов жеке компанияларды мұқтаж адамдарды қолдауға шақырды. 

Соңғы жаңалықтар