16:18, 28 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Мұғалжар ауданының Алтынды ауылында демеуші кәсіпорынның есебінен балабақша ашылды
ТӨБЕ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысына қарасты Мұғалжар ауданының Алтынды ауылында балабақша ашылды. Жаңа үлгідегі мектепке дейінгі мекемені «Юбилейный» ЖШС өз қаржысына салып, оны мемлекет меншігіне берді.

Балабақшаның ғимараты 75 орынға есептелген. Мұнда кең әрі жиһазбен қамтамасыз етілген ойын, демалыс бөлмелері бар.
Бұл жаңа ғимараттың пайдалануға берілуімен ауылдың 20 тұрғыны жұмыспен қамтамасыз етіледі.