Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мүгедектердің үздік танылған бизнес-идеялары кезекті гранттық қолдауға ие болды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Жұлдыздарға қара» мүгедектер арасындағы кәсіпкерлікті дамыту бойынша сайыстық жобаның екінші кезеңі аяқталды.

Мүгедектердің үздік танылған бизнес-идеялары кезекті гранттық қолдауға ие болды - Ақмола облысы

Ол мүмкіндіктері шектеулі жандардың бизнес-идеяларын қолдау мақсатымен «Құс Жолы» Казкоммерцбанктың корпоративтік қайырымдылық қоры және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен іске асырылды.

Көкшетау қаласының тұрғындары: Александр Авдейко, Александр Кубышкин, Юрий Сашин, Александр Солонин, Алмаз Ержанов; Щучье қаласының тұрғыны: Мереке Капенов; Атбасар қаласының тұрғындары: Бахыт Ахметова, Есен Жанабергенов, Владимир Погребняк, Антонина Суворкина және Сергей Чучалин сайыстың екінші раундының жеңімпаздары болды және 100 мың теңге сомасының грант иегерлері атанды..

Жобаның жүргізілу уақытында алғашқы және екінші кезеңінде 14 облыс бойынша, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары бойынша 136 өтініш қарастырылды. Бірінші кезең жеңімпаздары 8 облыстан 16 адам атанды.

Еске сала кетсек, «Жұлдыздарға қара» байқауға түсетін жоба. Оның мақсаты - кімнің жобалары өзекті және қызықты болып табылатын, ары қарай болашағы бар бизнес-идеяларды ұсынған жас кәсіпкерлерді қолдау, мүгедектерге материалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жаңа жұмыс орындарын құруға көмектесу.

Жоба қатысушылары - өзінің бизнесін бастағысы келетін немесе жетілдіруге ұмтылатын мүмкіндіктері шектеулі жандар.

Айта кетер жайт, «Құс жолы» корпоративті қайырымдылық қорының «Жұлдыздарға қара» жобасы 2005 жылдан бастап жүзеге асуда. 2012 жылдан бастап жобаға «Даму-Көмек» бағдарламасымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры серіктес болды. Ағымдағы жылы «Жұлдыздарға қара» байқау жобасы Қазақстанның 16 аймағында жүзеге асуда және мүмкіндіктері шектеулі жандарды қолдауға бағытталған.

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ әзірлеген мүгедек-кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдаудың «Даму-Көмек» бағдарламасы «Даму» қорының 2009-2013 жылдарға арналған стратегиялық даму аясындағы шаралардың қисынды жалғасы болып табылады.

Аталған Бағдарламаның шеңберінде «Даму» қоры жұмыс істеп жүрген және істерін жаңа бастаған, бизнесін жүргізуде немесе ашуда белгілі бір проблемалары бар мүгедек кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастама танытқан мүгедектердің мәселелерін шешу үшін шынайы мүмкіндіктері бар ұйымдардың, соның ішінде жеке тұлғалардың арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.