Мүгедектігі бар балалардың үйде оқыту шығындарын өтеу тәртібі жаңартылады

АСТАНА. KAZINFORM — Бұдан былай мүгедектігі бар балалардың үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу қызметі проактивті түрде көрсетіледі, деп хабарлайды Еңбекмині баспасөз қызметі.

В Актобе 500 лиц с инвалидностью лишили права на жилье
Фото: Ақтөбе облысы прокуратурасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсетудің Қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Тиісті бұйрық жобасы туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

— Жаңа енгізілімдер бірыңғай деректер жинау форматын енгізуге, қағазбастылықты жоюға және қызмет көрсетудің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ оны проактивті форматқа көшіруге мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Бұйрық жобасына сәйкес өзгерістер келесі құжаттарға енгізіледі:

  • «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық;
  • «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығы.

Бұйрық жобасы туралы ақпарат 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған.

Бұдан бұрын мүгедектікті белгілеу бойынша 89 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар