Мүгедектігі бар адам әлі де еңбек нарығында бәсекеге қабілетті емес - Захира Бегалиева

«Бүгінде Қазақстанда мүгедектігі бар 711,8 мыңға жуық адам тұрады. Оның ішінде 420 мың адам еңбекке қабілетті жаста. Бұл – жұмыс күші бола алатын адамдардың үлкен пулы. Бірақ, шынайы өмірде мүгедектігі бар адам әлі де кәсіби еңбек нарығында бәсекеге қабілетті емес», - деді Захира Бегалиева Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Спикердің айтуынша, ITeachMe қоры бірнеше жыл бойы жұмыс істейді және жастардың, оның ішінде мүгедектігі бар жандардың кәсіби дағдылары мен білімін арттыру, оларды кейіннен жұмысқа орналасу бағдарламаларын жүзеге асырады.
«Жобаларды іске асыру барысында жастардың жұмыспен қамтылуының төмендігіне әсер ететін бірқатар факторға тап болдық. Себептердің бірі - университеттерде алынған білім әрдайым әлеуетті жұмыс беруші үшін іс жүзінде әрі қажеттілігіне қолданыла бермейді. Оқу орнын бітіргеннен кейін түлекті бірден жұмысқа қабылдау үшін дипломның болуы жеткіліксіз. Қосымша дағдыларға меңгеріп, трендте болу керек. Ал бүгінде бүкіл әлемде жаңа технологиялар мен цифрлық дағдылар тренд саналады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруда қалалардың, аудан орталықтарының көлік және сәулет инфрақұрылымының нашар дамуы, ал ауылдарда жалпы мұнда жағдайдың нашарлығы ахуалды күрделендіріп жібереді.
«Проблемаларды жүйелі шешудің бірі – бейресми білім беру. Өмір бойы оқыту тұжырымдамасы тек тар бейінді ғана емес, сонымен қатар өзінің еңбек құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Барлық жастардың, соның ішінде мүгедектігі бар адамдардың заманауи мамандық алу және оңай жұмыс табу мүмкіндіктерін теңестіруге көмектесетін негізгі құрал – цифрландыру. ITeachMe қоры әлеуметтік инвесторлармен, бас серіктес – Шеврон компаниясымен серіктестікте 2019 жылдан бастап, мүгедек жастар мен әлеуетті жұмыс берушілердің сұранысы бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда. Оқытудың басты ерекшелігі – оқу процесінде тыңдаушылар өздерінің digital дағдыларын монетизациялайды», - деп түйіндеді сөзін қор басшысы.