21:25, 30 Наурыз 2022 | GMT +5
Мұхтар Ерман ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы қызметіне сайланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 30 наурызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық заңның 11 бабының 2 тармағына сәйкес Ортсайлаукомның хатшысы болып Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы сайланды.
Мұхтар Ерман биылғы жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі арқылы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалған.
«Бұған дейін Ортсайлауком хатшысы қызметін атқарған Щегорцова Анастасия Геннадьевна ҚР ОСК мүшесі ретінде қызметін жалғастыра береді»,-делінген хабарламада.