Мұхтар Шаханов Абылай ханның тойын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтуді ұсынды

КӨКШЕТАУ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Абылай ханды ЮНЕСКО деңгейінде атап өту керек. Бұл пікірді бүгін Көкшетаудағы «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов айтты.
None
None

«Қазақтың арғы-бергі тарихында ұлы тұлғалар жетерлік. Бірақ, солардың ішіндегі ең дарасы әрі құрметтісі - Абылай хан бабамыз. Абылай болмағанда қазақ тарихы мүлдем басқаша қалыптасар еді, яғни біз ұлт болып қалар ма едік немесе қалмас па едік?!», - деп тоқталды М. Шаханов.

Осы орайда ол Абылай ханға өзгеше құрмет көрсету қажет екенін, сондай-ақ ЮНЕСКО деңгейінде тойлау керектігін айтып өтті.

«Сондықтан ЮНЕСКО жағына осындай өтініш жасап, осылайша қазақ тарихына бүкіл әлемнің назарын аударамыз. Атап айтқанда, Абылай ханның ерекшеліктері өте көп», - деді ақын.

Соңғы жаңалықтар