Мұхтар Тілеуберді Пәкістанның Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пәкістан тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Макдум Шах Махмуд Курешимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Мұхтар Тілеуберді Пәкістанның Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

Сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ екі елдің халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылының перспективаларын талқылады.
Министр М.Тілеуберді Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына Пәкістанның алдағы төрағалық етуін Қазақстан толығымен қолдайтынын жеткізіп, аталған іс-шараға өзінің қатысатынын растады.