Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының репертуары «Қыз Жібек» спектаклімен толықты - СҚО

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Петропавл қаласындағы С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының репертуары «Қыз Жібек» спектаклімен толығып, өз көрермендеріне ерекше тарту жасады.
None
None

Қойылымды республиканың еңбек  сіңірген қайраткері, Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік  академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері  Жанат Хаджиев сахналап,  тың идея ұсыну арқылы өзіндік қолтаңбасын ерекше аңғартты. Бұрынғы қалыптасқан канондық желілерге  өзгерістер енгізіп, өзгеше шешімдер қабылдауымен ерекшеленді.

Әсіресе, жұртшылық жадында аяр, екіжүзді жағымсыз бейне ретінде сіңісіп қалған Бекежанның рөлін сомдаған талантты актер Біржан Жалғасбаев образды жағымды деңгейге дейін көтеріп,  батырға тән мәрт те аңғал мінездерін, Жібектей аруға деген асыл махаббатын, шын сезімін табиғи  жеткізе білді.

Дулат  Ташкен (Төлеген), Самал Тәшімова (Қыз Жібек) өз рөлдерін барынша нанымды бейнелеп, көрермендер тарапынан жоғары баға алды.

Сахнаның безендірілуі, кіші симфониялық оркестрдің сүйемелдеуі, би ансамбльдерінің қатысуы - бәрі-бәрі  спектакль ажарын аша түсті», деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

Соңғы жаңалықтар