Мүлікті жекешелендіру мәселелеріне орай ай сайын Үкімет отырысы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мүлікті жекешелендіру мәселелеріне орай әр айдың басында Үкімет отырысы өтетін болады. Бүл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

 Мүлікті жекешелендіру мәселелеріне орай ай сайын Үкімет отырысы өтеді

«Бұл жұмыстарды үйлестіру Сұлтановқа жүктеледі (ҚР Қаржы министрі Б.Сұлтанов) және айына бір мәрте осы мәселеге орай Үкімет отырысын өткіземіз. Оны Сұлтанов дайындайды. Әр айдың екінші сейсенбісіндегі Үкіметтің бірінші отырысы жекешелендіруге арналады», - деді К.Мәсімов.

Айта кетейік, бүгінгі Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев жекешелендіру мәселесіне орай негізгі баяндама жасап, бірқатар облыстың әкімі сөз сөйлейді.