Мүмкіндіктері шектеулі балалармен кездесу үшін Қазақстанға Голливуд жұлдызы Ален Делон келеді

ТОО «КаР-Тел» (Beeline сауда маркасы) желтоқсанның алғашқы күндері Алматыда өтетін «Кино жан ауруына қарсы» фетивальдың серіктесі ретінде шығып отыр.
Фестиваль барысында мүмкіндіктері шектеулі балалар белгілі өнер қайраткерлерімен: актерлармен, режиссерлармен, мультипликаторлармен және музыканттармен жүздесетін болады. Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде мультфильмдер мен көркем кинолардың көрсетілімін және шеберлік-сабақты өткізу қарастырылып отыр.
Жобаға қатысу үшін әлемдік кинематографияның аңыз адамы, көрермендердің сүйікті актері, режиссер және продюсер - Ален Делон Қазақстанға арнайы ат басын тіремек. Балалармен кездесулерін сондай-ақ, актерлар: Синтия Ротрок, Арманд Ассанте, Боло Янг, Дэнни Трэхо, Дон «Айдаһар» Уилсон, Оливье Грюнер, Кэрри Тагава және өзге де шетелдік және отандық киноның жұлдыздары өткізетін болады.
Фестивальдың бағдарламасы қайырымдылық гала-концертімен аяқталады. Оның барысында жаңа киножобалар таныстырылып, қайырымдылық аукционы өтеді. Жиналған қаражаттар Алматыдағы №1 балалар хосписіне реанимациялық көлік сатып алуға жұмсалатын болады.