Мұнай алпауыттары Ирак кеніштері саудаланатын аукционға қатысады

АСТАНА.  Желтоқсанның   11-і. ҚазАқпарат -  Мұнайдың   әлемдегі  үшінші  қорына  ие   Ирак елі  ондаған  кенішті игеру  құқығы сатылатын  кезекті    аукционға дайындалуда, 

Мұнай алпауыттары  Ирак кеніштері саудаланатын  аукционға   қатысады

деп    хабарлайды   ВВС телекомпаниясы.

Кеніштерден   үміткерлердің  қатарында   ресейлік "Лукойл",  американдық  Chevron және  ConocoPhillips , француздық Total компаниялары бар.

Маусым айында  өткен    алғашқы  аукционда  Румаил  кеніші британдық  ВР  және   қытайлық CNPC  консорциумдарына бұйырған  еді. Ал Exxon Mobil  мен  Royal Dutch Shell  бастаған  консорциум   Ирактың Батыс Курна кенішін игеру  құқығын алды.