08:13, 14 Қаңтар 2010 | GMT +5
Мұнай бағасы арзандауда
АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, қаңтардың 13-і күні әлемдік нарықтарда мұнай бағасы қайта төмендеді.

Оған АҚШ-тағы энергоресурстар қорының артқаны туралы мәлімет негіз болды, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Лондон биржасында Brent Crude Oil маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің бағасы 0,99 долларға арзандап, 78,31 доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында Light Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың бағасы 1,14 долларға төмендеп, 79,65 доллар/баррельді құрады.