Мұнай бағасының бұдан кейін айтарлықтай құлдырауы орын алмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай бағасының қазіргіден артық төмендеуі болмайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі «Жаһандық сынақ уақыты: жаңа сын-қатерлер» атты дөңгелек үстелде ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов мәлім етті.
None
None

«Менің ойымша, оның бағасының бұдан кейін айтарлықтай құлдырауы орын алмайды. Мұнай құнының орташа жылдық бағасы 50 доллар деңгейінде қалыптасады»,- деді В. Додонов.

Осы орайда ол бүгінде Қазақстанда экономиканың кері құбылыстарына қарсы тұру бойынша екі әдіс қолданылып отырғандығын атап өтті.

«Олар екі негізгі бағытты қамтып отыр. Бұл тұрғыда экономиканы ынталандыру, яғни бұлар - «Нұрлы жол» бағдарламасында белгіленген шаралар. Осы бағытта ішкі сұраныс пен тұтынудың ішкі шығыстарын ынталандыру, оның ішінде мемлекеттік қолдау есебінен шағын және орта бизнестің инфрақұрылымдық жобаларын, қаржылық секторды қолдау қарастырылған. Бұған қоса бюджеттік қаржыны үнемдеу қажеттілігі қамтылып отыр. Атап айтқанда, осы қос тетік іске асырылады», - деді сарапшы.

Айта кетейік, дөңгелек үстелге Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, Тұңғыш Президент қоры жанындағы Әлемдік экономика мен саясат институтының алдыңғы қатарлы қазақстандық сарапшылары, Еуразиялық интеграция институтының, сондай-ақ ТМД елдері мен АҚШ-тың сарапшалары қатысуда.

Соңғы жаңалықтар