Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мұнай бағасының төмендегеніне қарамастан, мұнай-газ секторын дамытудың іргелі қозғалтқыш күштері өзгеріссіз қалды - Үкімет басшысы

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан IV Еуразиялық энергетикалық форумда Премьер-Министр Кәрім Мәсімов  әлемдік қаржы дағдарысының әсерінен мұнай бағасы төмендегеніне қарамастан, мұнай-газ секторын дамытудың іргелі қозғалтқыш күштері өзгеріссіз қалғанын айтты,

Мұнай бағасының төмендегеніне қарамастан, мұнай-газ секторын дамытудың іргелі қозғалтқыш күштері өзгеріссіз қалды - Үкімет басшысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «2008 жылдың қыркүйегінде болған соңғы форумнан бері мұнайдың бір баррелі  шамамен 100 доллардан сатылды. Қазір мұнайдың бағасының құлдырағаны бізге мәлім», деген К. Мәсімов , әлем  экономикасы бұған дейін болған дағдарыстардан да терең  дағдарысқа тап болғанын  айта келе:  «Менің ойымша, соған қарамастан мұнай-газ секторын дамытудың іргелі қозғалтқыш күштері өзгеріссіз қалды», деді.

 Осы орайда Үкімет басшысы жаһандық экономикалық, саяси дамумен байланысты шешуші мәселелерге тоқталып өтті. «Өнеркәсіп ең алдымен әлемдегі орта топ болып табылатын 1 млрд. тұтынушыға негізделеді.  Тиісінше адамдардың барлығы өз өмірлері сипатына, экономикалық және саяси қауіпсіздігіне барынша көп кепілдікті талап етуде», деді ол.