Мұнай баррелінің бағасы 54 долларға жақындады
ЛОНДОН-НЬЮ-ЙОРК. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында кеше, наурыздың 24-і күні өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы біршама көтерілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін ? 0.03 долларға көтеріліп, 53,50 доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін ? 0,18 долларға қымбаттап, 53,98 доллар/баррельге жетті.