Мұнай-газ шығарушы кәсіпорындардағы жұмысшылардың құқықтары шектелмеу керек - Ақтөбе облысының әкімі

АҚТӨБЕ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов экономиканың мұнай-газ шығарушы саласының шешімін таппаған мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мұнай-газ шығарушы кәсіпорындардағы жұмысшылардың құқықтары шектелмеу керек - Ақтөбе облысының әкімі

Облыстық кәсіподақ төрағасы Түкпенбай Айжарықовтың ақпараты бойынша, қыс мезгілінде «ККБК Ұлы қамал» ЖШС-ның, «Шығыс Мұнай және сервистік қзымет» ЖШС-ның бірқатар бұрғылау скважиналарында жұмыс қысқартылып, ол жұмысшыларға әсер етуі мүмкін.

«СНПС-Актөбемұнайгаз» АҚ басшылығы мен мердігерлерге қарата айтқан сөзінде Е.Сағындықов еңбек заңнамаларының сақталып, әрбір скважина жұмысының тоқталуына ойланып қарау керек екенін айтты.

«Жұмысшылардың құқығы шектелмеу керек. Қалыптасқан жағдайды реттеу жөніндегі шараларды ойлап тауып, жұмыстан босатылған қызметкерлерді еңбекпен қамту керек», - деп атап өтті ол.

Кеңес қортындысы бойынша облыс әкімі мүдделі ведомстволардың басшылықтарына бірқатар тапсырмалар жүктеді.