11:04, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Мұнай компаниясының аудандық газетке сыйлығы
ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - "Петро Қазақстан" компаниясы Сырдария аудандық "Тіршілік тынысы" газеті редакциясына 3 компьютер тарту етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген мұнай компаниясы келешекте де игі істі жалғастыруды көздеп отыр. Осының арқасында жергілікті басылымдарды соңғы үлгідегі техникамен жабдықтау жолға қойылды. Компания қамқорлығына аудандық газет ұжымы ризашылығын білдірді.