20:00, 03 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Мұнай өндіру көлемі 2%-ға артты деген ақпарат жалған — Энергетика министрлігі
АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрлігі тамыз айында Қазақстанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,712 млн баррель болғанын хабарлады.
Бұл көрсеткіш шілде айымен салыстырғанда тәулігіне 48 мың баррельге төмен.
— Энергетика министрлігі кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, елімізде мұнай өндіру деңгейі тамызда өткен аймен салыстырғанда артты деген ақпаратты түбегейлі жоққа шығарады, — делінген сәрсенбі күні жарияланған министрлік мәлімдемесінде.
Айта кетелік ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттыру мүмкіндіктерін талқылайды.
Сонымен қатар елімізде мұнай-газ химиясы саласында бизнесті қолдау жөніндегі жұмыс тобы құрылды.