Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің директоры тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрлігі Аппараты басшысының бұйрығымен Айбек Ижанов Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің директоры қызметіне ауысты.

Айбек Балдайұлы Ижанов
Фото: Энергетика министрлігі

Айбек Балдайұлы Ижанов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау техникасы мен технологиясы» және «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес академиясын «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын өндіріс саласында бастап, кейін мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда және мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі ұйымдарында қызмет атқарды. Әр жылдары Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде, «Сарыарқа» ӘКК» АҚ-да, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-да, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінде, «Қазгеология» ҰГК» АҚ-да, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-да, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» АҚ-да және басқа да салалық ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарған.

Осы тағайындауға дейін «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының Сараптама және мониторинг секторының аға менеджері қызметін атқарды.

Бұған дейін Ерлан Қарин ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалғанын жаздық.