Мұнайдың бағасы алдағы аптада да 100 доллардан жоғары болғалы тұр

АСТАНА. KAZINFORM- Мұнай бағасы барреліне 100 доллардан жоғары деңгейде сақталып, жаңа сауда аптасын жоғары көрсеткішпен бастауға жақындады. Соңғы сауда сессиясының қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнайының бағасы барреліне 104,61 долларды, WTI маркасы 100,05 долларды құрады, деп хабарлайды Reuters.

мұнай
Фото: 1prime.ru

Жұма күні Brent мұнайының бағасы 3,02 долларға немесе 2,81%-ға, ал WTI 2,43 долларға немесе 2,37%-ға арзандады. Соған қарамастан, апта қорытындысы бойынша екі марканың да бағасы мұнай жеткізіліміне қатысты тәуекелдер мен Таяу Шығыстағы шиеленіс аясында 8%-дан астам өсті.

Мұнай тасымалындағы іркілістер мен негізгі жеткізу бағыттарына қатысты қауіптің сақталуы нарыққа қосымша қысым көрсетіп отыр. Нарық қатысушылары Ормуз бұғазындағы жағдайды және өңірден шикізат экспортындағы басқа да тәуекелдерді бақылап отыр.

Бұған дейін Kazinform 12 қыркүйекте мұнай бағасының барреліне 100 доллардан жоғары деңгейде сақталғанын хабарлаған еді. Сол кезде Brent барреліне 104,61 доллардан, WTI 100,05 доллардан саудаланды.

Сондай-ақ мұнай бағасы алғаш рет 24 шілдеден бері барреліне 101 доллардан асқаны туралы жаздық.