09:25, 15 Шілде 2009 | GMT +5
Мұнайдың әлемдік бағасы тағы да өзгерді
ЛОНДОН-НЬЮ-ЙОРК. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - Дағдарыстан кейін әлемдік экономиканың тезірек аяғынан тұрып кетуіне инвесторлар тарапынан күмән тууына байланысты сейсенбі күні әлемдік нарықтарда мұнай бағасы әр бағытта өзгерді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Лондон биржасында Brent Crude Oil маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы кешегі саудада 0,17 долларға қымбаттап, 60,86 доллар/баррельді көрсетті.
Ал Нью-Йорк биржасында Light Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы керісінше, 0,17 долларға арзандап, 59,52 доллар/баррельді құрады.