Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларында өтіп жатқан электрондық сауда-саттықта мұнайдың бағасы төмендеп келе жатқанын байқауға болады, деп хабарлайды Газета.ру.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінде бір баррель 0,29%-ға арзандап, 47,69 долларды құрады.  

Лондонның ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстерінде бір баррельдің құны 0,33%-ға дейін түсіп, 51,70 долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар
telegram