04:39, 13 Қазан 2016 | GMT +5
Мұнайдың әлемдік бағасы түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды сауда кезінде мұнайдың әлемдік бағасы төмендей түсті, деп хабарлайды Gazeta.ru.

Қараша айының фьючерстері WTI маркілі жеңіл мұнай бағасының Нью-Йорк сауда биржасында барреліне 0,91 пайызға, бареліне $50,33 дейін төмендегендігін көрсетті.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркасының құны желтоқсандағы жеткізілім бойынша, 0,86 пайызға азайып, барреліне $51,96 төмендеді.