Мұнайлы ауданында 960 орындық мектеп салынып жатыр

АҚТАУ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова / - Мұнайлы аудандық Қызылтөбе-2 ауылдық округінде жаңа оқу ордасының алғашқы тасы қаланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

960 орындық мектеп құрылысының басталуы  Құрбан айт мерекесімен тұспа тұс келді. Мұнайлы ауданына қарасты бірқатар әлеуметтік нысандарды аралаған өңір басшысы Қырымбек Көшербаев осы салтанатқа қатысты. Әкім алда атқарылар жұмыстарға сәттілік тілеп, болашақ мектептің құрылысымен танысты.

960 орындық бұл нысан 2010 жылғы қыркүйекте пайдалануға берілмек. Қызылтөбе-2-нің балалары қазір орталықтағы жалғыз мектепке қатынап оқиды.Екі ауылдың арасына жүретін қоғамдық көлік те жоқ. Жер лай, күн суық кездері мектепке бару тіптен қиын. Сондықтан мұнда жаңа оқу ордасын салу керек-ақ  еді. Осы мәселе алдағы оқу жылында өзектілігін жоймақ.

Мұнан соң, өңір басшысы Қызылтөбе-2 ауылдық округіне ат басын бұрды. Қазан айында ашылған медициналық бөлімшемен танысты. Аядай ғана 3 бөлме 4 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсету керек. Рас, тар. Бірақ, әкім ізін суытпай бұл олқылықтың орны толатынын жасырмады.Керекті қаржы бөлініп, жаңа ғимарат сатып алуға мүмкіндік туады. Ал, ақ халаттылар қандай жағдайда да Гиппократ антынан аттамай, сапалы қызмет көрсетсе болғаны. «2007 жылы Елбасына жаңа Мұнайлы ауданын ашайық деп ұсыныс жасағанда мұндай кең көлемде құрылыстар болады деп ойламап едік. Қазірдің өзінде соңғы екі жарым жылда ауданның инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандарын салуға 21,2 млрд. теңге қаржы бөліппіз. Ендігі жылы қыркүйек айында бұл мектептің құрылысы бітеді. Сонда бұл жерде 2000-дай бала оқуға мүмкіндік алады» деді Маңғыстау облысының әкімі Қ. Көшербаев.

Соңғы жаңалықтар