Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мұнайлы ауданындағы «Ұлан» ақ шатырының 3-ші маусымы ашылды

АҚТАУ. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Мұнайлы ауданындағы «Ұлан» ақ шатырының 3-ші маусымы ашылды.

Мұнайлы ауданындағы «Ұлан» ақ шатырының  3-ші маусымы ашылды

Мұнайлы ауданы әкімдігінің қаржыландыруымен аудандағы № 5 орта мектеп жанында «Ұлан» жазғы сауықтыру ақ шатыры жұмыс жасап жатыр.

Қазіргі таңда лагерь өзінің кезекті 3-ші кезеңін ашты. «Ұлан» лагерінің ашылғанына биыл 2 жыл. Лагерьде 7-14 жас аралығындағы балалардан 3 топ, әр топта 150 баладан, бір маусымда 450 бала 12 күн тегін дем алады. Балалардың алаңсыз демалысын 26 қызметкер қадағалайды.

Жазғы сауықтыру орталығында негізінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары, асыраушысынан айырылған, оралман отбасылардың балалары қамтылған.

Демалушылар күніне 4 мезгіл тамақтанады, сонымен қатар қаладағы «Ардагер» кинотеатрына барып, қарт Каспийдің жағасындағы «Достар» жағажайында дем алып, облысымыздың, еліміздің тарихынан сыр шертетін, бүлдіршіндерді қызықтыратын таң-тамаша сезімге қалдыратын облыстық өлкетану мұражайында да болды.

1-ші және 2-ші кезеңнің жабылу салтанатында түрлі шараларға қатысып, өз өнерлерін көрсете білген 100 бала мақтау қағаздарымен марапатталды.