Мұндай әскери шеруді көптен күткен едік - «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары

ТАРАЗ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараздың орталық алаңынан «Оңтүстік» аймақтық құрылымының әскери бөлімшелері сап түзеп жүріп өтті.
None
None

Конституция күніне арналған еліміздегі тұңғыш әскери шеру туралы өзінің әсерімен «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Бастеми Дүйсембаев ҚазАқпарат тілшісімен бөлісті.

«Биылғы жылы әскерлердің әнмен салтанатты сап түзеп өтуінің белгіленуі заңды болды. Біздер Жоғарғы Бас Қолбасшының сөйлеген сөзін үлкен ықыласпен тыңдадық. Елбасының бүкіл Қазақстанды біздің елордамыз сияқты гүлдендіру қажет дегені айрықша есте қалды.

Тараздың «Достық» орталық алаңынан 12 колонна өтті. Бұлар - мотоатқыштар, байланысшылар бригадалары, жөндеу-қалпына келтіру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бригадаларының жауынгерлері. Ішкі әскерлердің және төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері де партиоттық әнді асқақтатып, сап түзеп өтті.

Мектеп оқушылары мен студенттердің де колонналары өтті. Балалардың көкке кептер ұшырғандары айрықша әсерлі болды.

Мұндай әскери шеруді біздер көптен күткен едік. Бұл - біздің мемлекетіміздің қуатын таныту, Конституцияға және осы Конституцияның кепілі ретінде Президентке деген құрметті көрсету үшін қажет. Бұл - жастарға отансүйгіштік тәрбие беру үшін қажет», - деді полковник Б.Дүйсембаев.

Соңғы жаңалықтар