Мұндай стильде ойнап көрмеппіз — Уэльс құрамасының бапкері Астанадағы ойын туралы

АСТАНА. KAZINFORM — Уэльс ұлттық құрамасының бас бапкері Крейг Беллами Астанада Қазақстан құрамасына қарсы өткен сырт алаңдағы матчтан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Мы в таком стиле не играли — главный тренер сборной Уэльса об игре в Астане
Фото: Kazinform

— Бұл бастапқыда біздің ойын жоспары емес еді. Жаңа ойыншылардың алаңдағы әрекеттерінен өзгешелікті байқауға болады. Матч өте қиын өтті, бізге үнемі жоғары концентрацияда болу қажет болды. Бүгінгі ойын біз үшін жаңа тәжірибе болды — бұған дейін біз мұндай стильде ойнамаған едік. Жанкүйерлерге ерекше алғыс айтқым келеді, олардың қолдауы бізге қатты көмектесті, — деді Крейг Беллами матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы «Астана Аренада» Уэльс командасына 0:1 есебімен есе жіберді.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 7 қыркүйекте Брюссельде Бельгия құрамасына қарсы өткізеді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Уэльске қарсы ойындағы жеңілістің себебін түсіндірген болатын.

Соңғы жаңалықтар