Мұрат Нұртілеу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесті

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің жұмыс кездесуіне қатысты.

Мұрат Нұртілеу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесті
Фото: ҚР СІМ

Іс-шараға қатысушылар БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясының күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының БҰҰ-мен ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады.

М.Нұртілеу әріптестерін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы қызметінің бірқатар аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы хабардар етті. Өңірлік құрылымның одан әрі дамуына байланысты өз көзқарасын білдірді. Кездесуге қатысушыларды Қазақстанның БҰҰ жүйесін және оның Қауіпсіздік Кеңесін реформалау жөніндегі бастамаларын қолдауға шақырды.

Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары БҰҰ құрылғанына 80 жылдығына орай мәлімдеме қабылдады.

Кездесу дәстүрлі достық сипатта өтті. Тараптар ҰҚШҰ-ның бәрін қамтитын ұйыммен одан әрі өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға ниетін растады.

Еске сала кетейік, Қазақстан Сыртқы істер министрі Пәкістан Президентімен кездесіп, соңғы жылдары қол жеткізген екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар