Мұсылмандар цунамиді Алланың сынағы деп қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұсылмандар цунамиді Алланың сынағы деп қабылдады. Қай жерде, қашан болған деп отырған шығарсыздар. Әңгіме осыдан 10 жыл бұрын Индонезияның Ачех провинциясында орын алған цунами турасында болып отыр.
None
None

Әрине, осы уақыт ішінде бұл аймақта көптеген нәрсе өзгерген болатын. Тіпті, қоғамдық ой-пікір де. Табиғат апатқа тап болып, тәубесіне келген талай жандар осы оқиғадан соң өздерінің діни сенімдерін бас тартып, мешітке көбірек келетін болған, деп хабарлады muslim.kz .

Санайғақтарға сүйенсек, 2004 жылы 26 желтоқсан күні Aчех провинциясында болған табиғи апаттан 169 000 адам көз жұмып, 600 000 жан баспанасыз қалған еді. Апат кесірінен Ачехтегі 141 000 үй қирап, халықтың төрттен бірі жұмыссыз қалған-ды.

Провинциядағы мұсылмандар жамағаты болса, бұл табиғи апатты рақымды Aлла Тағаланың өздеріне жіберген сынағы деп қабылдап, әрбір істің қайырлы болатынына шүбәсіз сенген. Расында, тосыннан келген табиғат апаты елдегі 30-жылға жуық басылмай келе жатқан азаматтық соғысты тоқтатты. Ал, халықаралық ұйымдардан келіп түскен гуманитарлық көмек шығын көлемінен бірнеше асып түскен көрінеді.

Апаттан соң аймақтағы жұрт шариғат негізіндегі заң жобаларын қабылдауды талап етіп, бүгінгі таңда Ачех Индонезиядағы Шариғаттық-құқықтық жүйе енгізілген бірден-бір провинция аталып отыр. Жергілікті халық арасында Ачех провинциясын «Меккеге жол» деп те атайтын көрінеді.

Соңғы жаңалықтар