Мұз ойылып, жолаушылар мінген «Нива» көлігі су астына кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тверь облысы Конаково қаласында "Нива" көлігі Волга өзеніндегі мұздың астына түсіп кетті. Бұл туралы сенбіде Ресей ТЖМ аймақ бойынша басқармасының сайтында хабарланды.
None
None

Келеңсіз жағдай 2 қаңтарда шамамен сағат 9:30 жағалаудан 50 метр жерде орын алды.

Оқиға орнында құтқарушылар, "MAN" апаттық-құтқару көлігі жұмыс істеуде.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, мұз астына түсіп кеткен "Нивадан" екі ер адамның мәйіті табылды. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар