Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«МУЗ-ТВ 2015» сыйлығын табыстау рәсiмiне Нұрсұлтан Назарбаев келдi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтiп жатқан «МУЗ-ТВ 2015. Гравитация» жыл сайынғы сыйлығын табыстау рәсiмiне Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев келдi.

«МУЗ-ТВ 2015» сыйлығын табыстау рәсiмiне Нұрсұлтан Назарбаев келдi

Биыл алғаш рет сыйлықты табыстау рәсiмi Мәскеуден өзге жерде ұйымдастырылуда.

Айта кетейік, МузТВ сыйлығы алғаш рет Астанада өтуде. Бұл шоуды жүз миллионнан астам телекөрермен «Қазақстан», «МузТВ» және басқа да ресейлік федералды, ұлттық телеарналар арқылы тамашалайтын болады. «МУЗ-ТВ сыйлығы» - шоу-бизнестегі маңызды, ауқымды және беделді оқиғалардың бірі. Оны 2003 жылдан «МУЗ-ТВ» арнасы ұйымдастырып келеді. Жеңімпаздар көрермендердің және академиктердің дауыс беруі арқылы анықталады. «МУЗ-ТВ» сыйлығын марапаттау шарасына әлемдік деңгейдегі жұлдыздар шақыртылды.