14:16, 16 Қаңтар 2019 | GMT +5
Мұздатқыштан шыға алмай қалған үш бала үсіп өлді
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Флорида штатының солтүстігінде аулада ойнап жүрген үш бала мұздатқышқа кіріп, шыға алмай қалған. Шарқ ұра іздеген анасы тоңазытқыштың ішінен бүлдіршіндердің өлі денесін тапты, деп хабарлайды CNN телеарнасы.
Сувонни округінің шерифі Сэм Сент-Джонның айтуынша, 1, 4 және 6 жасар бала аулада ойнап жүріп, шешесі үйде жоқта көшеде тұрған жаңа мұздатқыштың ішіне кірген де қайтып шыға алмай қалған. Балалардың анасы мен әжесі үйге келген соң оларды таппай, іздей бастайды. Араға 40 минуттай салып, көшеде тұрған мұздатқыш камераны да тексерген. Сол жерден бүлдіршіндерінің өлі денесінің үстінен түседі.
«Менің ойымша, бұл қайғылы оқиға. Олар үлкен тоңазытқышты көшеде қалдырған», - дейді Сент-Джон.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал билік өкілдері сот-медициналық сараптаманың нәтижелерін күтіп отыр.