Мұздың қалыңдығын түсіне қарап анықтауға болады - құтқарушы
Мұздың қауіпті жерін түсіне қарап анықтауға болады. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгуір-құтқару бөлімшесінің басшысы Андрей Быбченко айтты, деп хабарлайды Kazinform.
Андрей Быбченконың сөзінше, қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың негізгі себептері: балық аулау кезінде мұздағы қауіпсіздік талаптарын сақтамау, жұқа мұз үстімен көлікпен жүру және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру.
Сонымен қатар, спикер мұздың беріктігін түсіне қарап анықтауға болатынын жеткізді.
«Мұзды түсіне қарап білуге болады. Ең берік мұздың түсі мөлдір, көгілдір немесе көк болады. Ал сұр, сары, жасыл, басқа түстер мұздың жұқа екенін білдіреді. Мұздың қаншалықты берік екенін бұрғылау және қалыңдығын өлшеу кезінде ғана жүргізуге болады. Егер мұздағы қар жамылғысы болса, онда су қоймаларында, сондай-ақ қысқы балық аулау кезінде белгілі бір қауіпсіздік ережелері бар. Таяқ алып жүргеніңіз жақсы. Жаяу серуендеу кезінде сіз мұздың беріктігін таяқпен ұрып көру арқылы анықтай аласыз. Сондай-ақ, мұзда болуы мүмкін шұңқырлар мен кедергілерді біле аласыз», - деді Андрей Быбченко.