Музыкамен жастайынан айналысу интеллектіні арттырады

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Музыкамен 7 жасқа дейін айналысу баланың интеллектуальдық қабілеттерін шапшаң дамытуға жәрдемдеседі, деп хабарлады Independent News.

Музыкамен жастайынан айналысу интеллектіні арттырады

Музыкалық мектептерді бітірген оқушылардың бәрі бірдей кәсіби музыкант болып шықпас, дегенмен олардың ақыл-ой қабілеттерінің балалық шағын аулада ойнаумен өткізген қатарластарынан жоғары болатыны анықталған.

Монреаль неврология ғылыми-зерттеу институтының зерттеушілері жариялаған мақалада осындай қорытындылар келтірілген.

Тестілеу барысында жартысы 7-жасқа дейін, ал екінші жартысы 7 жастан кейін музыка сабақтарына барған 36 кәсіби музыканттардардың миына томография жүргізілген. Олардың бірінші тобында қозғалу дағдылары және қозғалыстарының үйлестірілуі жақсы нәтиже көрсеткен, сондай-ақ бас миының томографиясы да тамаша нәтижелер берген: бұл адамдарда ми жартышарлары арасындағы жүйке байланысының саны жоғары болғаны анықталған.

Тағы бір айта кетерлігі, 7 жастан кейін музыкалық мектепке барған музыканттардың көрсеткіштері музыка сабақтарына мүлдем бармаған адамдардікінен көп өзгермеген болып шықты.