Мьянмада жер сілкінісі салдарынан 1000-нан астам адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 1002-ге жетті, 2376 адам зардап шеккендер тізімінде, деп хабарлайды BBC елдің әскери билігіне сілтеме жасап.

Үйінділер тазартылған сайын құрбандар саны артуы мүмкін, деп есептейді құтқарушылар. Қытай, Үндістан және Ресей қазірдің өзінде Мьянмаға медициналық және құтқару топтарын жіберді.
28 наурыз, жұма күні түстен кейін жергілікті уақыт бойынша күші 7,7 және 6,4 балдық екі жер асты дүмпулері тіркелді.
Жер сілкінісі Қытай мен Таиландта да сезілді; Нәтижесінде Бангкокта аяқталмаған зәулім ғимарат құлады, оның қирандыларының астында бірнеше ондаған адам болуы мүмкін деп болжанды.
Бұған дейін хабарланғандай, Мьянмада жер сілкінісі салдарынан төтенше жағдай жарияланды.
ЕО көмекке 2,5 миллион еуро бөлді.