Мьянмадағы жер сілкінісі: мерт болғандар саны 1700-ге жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1700-ге жетсе, зардап шеккендердің қатары 3400 болды деп, жазды Риа новости.

Табиғат апатынан кейін 300 адам із-түзсіз жоғалғаны белгілі болып отыр.
Бұған дейін Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1644-ке жеткені хабарланған еді.
Бангкоктағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың да саны артып барады.
Бүгін сондай-ақ Гонконгтық 51 құтқарушы Мьянмаға жәрдемдесуге барды.
Айта кетейік, жұма күні Мьянмада магнитудасы 7,9 болатын жер сілкінісі тіркелген.
Таиландта жер сілкінісіне байланысты эвакуация жұмыстары жүргізілді, Бангкокта көпқабатты ғимарат құлады. Елдің премьер-министрі Бангкокты «төтенше жағдай аймағы» деп жариялады.
Бүгін Индонезияда магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі болды.